Қазақстанда бір күнде коронавирустан 21 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір күнде коронавирустан 21 адам қайтыс болды
209
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 642 адам коронавирустан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 327 пациент стационарда жатыр. 16 315 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 353 адамның жағдайы ауыр;
  • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Министрліктің мәліметінше, 30 наурызда коронавирустан 21 адам қайтыс болған. Оның 17-сі коронавирустан, 4-уі пневмониядан көз жұмды.