Қызылорданың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Қызылорданың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
303
оқылды

Премьер-министрдің өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл туралы primeminister.kz жазды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жылдары – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.