Тұрғынның өтініші орындалды
Тұрғынның өтініші орындалды
159
оқылды
2021 жылдың  3 ақпан  күні Қаратау ауданы Достық шағынауданының тұрғыны Гүлзира Садықова отбасылық жағдайы туралы баяндап, баспанасының кірберісі құлап қалғанын айтып, Қаратау аудандық партия филиалына көмек сұрап келді.   Шымкент қаласы, «Nur Otan» партиясы Қаратау  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы Қаратау ауданы әкімшілігінің мамандарымен кездесу ұйымдастырып, азаматшаның өтініші бойынша демеушілердің тарапынан көмек көрсету мәселесін қарастырды. Нәтижесінде, демеушілер есебінен Г.Садықованың баспанасының кіреберіс бөлмесі қайта қалпына келтірілді.  Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында Достық шағынауданындағы үйге қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы 30 наурыз күні пайдалануға  берілді.  width=