Президент Қанатбек Жайсаңбаевты жаңа қызметке тағайындады
Президент Қанатбек Жайсаңбаевты жаңа қызметке тағайындады
280
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кеше Мемлекет басшысының өкімімен жоғарыда аталған қызметтен Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылған еді.

Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» компаниясына басшы болып тағайындалды.