Тұман және дауыл: Қазақстанның бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман және дауыл: Қазақстанның бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5,178
оқылды
Синоптиктер 12 сәуірде Қазақстанның кейбір өңірлерінде ауа райының нашарлауы мүмкін екенін болжады. 12 сәуірде Түркістан облысында, оның ішінде Шымкент пен Түркістанда найзағай ойнап, шаңды дауыл мен бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына – 23-28 метр. Маңғыстау облысының кейбір аудандарында бұл күні шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Ақмола облысында түнде және таңертең 12-сінде тұман түседі. 12-13 сәуірде Қарағанды облысының көптеген ауданында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Жезқазғанда да ауа райы осындай болмақ.