ҚР Ішкі істер министрлігі 20 сәуірде заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық науқанын бастайды. Қазақстандықтар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш затты ақшалай сыйақыға тапсыра алады.
Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк қарудың әр данасы үшін 30-дан 300 мың теңгеге дейін төленетінін айтқан. Алексей Милюктің айтуынша, заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш затты өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады