Назарбаев Беларусь президентімен телефон арқылы сөйлесті
Назарбаев Беларусь президентімен телефон арқылы сөйлесті
5,235
оқылды

Тараптар әртүрлі деңгейдегі өзара сапарлардың және бірлескен келісімдерді жүзеге асырудың арқасында екіжақты сауда айналымы көлемін жылына 1 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты. Елбасы мен Беларусь президенті екі ел арасындағы, соның ішінде Еуразия экономикалық одағы аясындағы қарым-қатынастар одан әрі нығаятынына өзара сенім білдірді. Соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады.