Санкт-Петербордағы кеңес
Санкт-Петербордағы кеңес
195
оқылды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің депутаттары ТМД Парламентаралық Ассам­б­леясы кеңесінің отырысына қатысты.

Жиын Ресейдің Санкт-Пе­тер­бор қаласында өтті. Іс-шара ба­­рысында қатысушылар – ТМД елдері ұлттық Парламенттерінің басшылары – Ассамблеяның қыз­метіне қатысты бірқатар мә­­селені, оның ішінде ұйымның 2020 жылғы жұмысының қоры­тын­дысын талқылады. Күн тәртібінде ТМД Парла­ментаралық Ассамблеясынан кел­ген халықаралық байқау­шылардың биыл 10 қаңтарда өткен Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутат­­­­та­­рының сай­лауына жүргізген мони­то­­рингтің қорытындысы бойын­ша есебі де қаралды. Отырыста сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев Парла­мент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық бай­қаушылар жібергені үшін ұйымға алғыс білдірді. «Өткен сайлау Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси ре­формалар аясында маңызды ке­зеңге айналды. Бұл жолы тек Пар­­ламент Мәжі­­лісінің депу­­тат­­­тары ғана емес, со­нымен бірге жер­­­гі­­­­­лікті өкілді ор­­­гандар – мәс­лихат­­тардың да депу­таттары пар­тиялық тізіммен сай­­­­ланды. Мем­лекет басшысының бас­­­­та­масымен алғаш рет партия­лық тізімде әйелдер мен жастарға ар­­налған 30 пайыздық квота қа­­растырылды. Мәжіліс қызме­тін­де салмақты құқыққа ие бол­ған пар­­­ламенттік оппозиция ин­ституты заңмен бекітілді», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенат Төрағасы алдағы уа­қытта да Мемлекет басшы­сының жаңғыру бағдарын іске асыру аясында Қа­зақстандағы саяси жүйені жетілдіру жұмыстары жал­ғаса беретінін тілге тиек етті. «Жаңа шақырылымдағы Пар­ламенттің алдында сөз сөйлеген Қа­­­зақстан Президенті өткен сай­лаудың тәжірибесін ескере оты­рып, саяси партиялардың Мә­жіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуді ұсынды. Мұндай қадам елдегі сая­си бә­­секелестіктің дамуына ық­­­пал етері сөзсіз. Аза­маттардың сай­­лау құ­­қығын қор­ғауға тиісті жағдай жа­сау үшін барлық деңгейдегі сай­лау бюл­летеньдеріне «бәріне қар­сы­­­­мын» деген жазу енгізілетін болды», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар отырысқа қа­тысушылар Ассамблея жа­­­­нын­дағы Экономика жөніндегі са­­­рапта­­­малық кеңестің жұмысын және Достастықтың 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стра­тегиясын іске асыру мін­­­дет­терін талқылады.ТМД елдері Пар­ла­менттерінің басшылары пан­де­миядан кейінгі кезеңде ел­де­рі­міздің экономикасын қал­пына ке­лтіруге осындай бір­­лескен жұ­мыстар тың серпін бе­­ретініне се­нім білдірді. Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев Санкт-Петерборға жұмыс са­пары барысында бірқатар екі­жақты кездесулер өткізді. Өзбекстан Олий Мажлис Се­натының Төрайымы Танзила Нар­баевамен кездесуде екі жақ Қа­зақ­стан – Өзбекстан қарым-қаты­­на­­­сын одан әрі дамыту мә­селелерін сөз етті. Әріптестер Қа­зақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың 2019 жылдың сәуір айында Өзбекстанға мем­лекеттік сапары кезінде жасалған келісім­­дердің және Танзила Нар­баеваның 2019 жылғы қараша айында Қа­­зақстанға ресми сапары кезінде қол қойылған Ынты­мақ­тастықтың жол картасындағы тар­­­­мақтардың бар­лығы дерлік іске асырылғанын ерекше ек­пін­мен атап өтті. Ресей Федерациясы Феде­рал­дық жиналысы федерация кеңе­сінің Төрайымы Валентина Мат­виенкомен кездесуде қаты­сушылар Қазақстан мен Ресей ара­сындағы парламентаралық ынтымақ­­тас­тық­тың даму дең­­­гейіне жоғары баға берді және осы байланысты әрі қарай нығайтуға толық мүмкіндік бар екеніне на­зар аударды. «Қазақстан мен Ресейдің мем­лекетаралық ынтымақ­­тас­тығында біздің парла­мен­таралық байланы­сымыздың маңы­зы зор. Елдері­міздің өсіп-өркендеуі көп жағдай­да тату көршілік, сындарлы және өзара тиімді қарым-қаты­насқа бай­ланысты», – деді Қа­зақстан Сена­тының Спикері. Мәулен Әшімбаев пен Әзер­байжан Республикасы Милли Медж­лісінің төрайымы Сахиба Гафа­рова кездесуінде елдеріміз ара­сындағы парламентаралық ын­тымақтастық пен өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі ны­­ғайту мәселелері кеңінен сөз бол­ды. Қазақстан делегациясының бас­­шысы әріптесін Таулы Қарабақ қақтығысының аяқталуымен құт­тықтап, еліміздің аталған өңір­дің инфрақұрылымын қал­пына кел­тіруге қатысу ниетін тағы бір рет растады. Одан бөлек, екі тарап пан­демиядан кейінгі кезеңде сауда-экономикалық ынтымақ­тастықты жандандыруға сенім білдірді. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен екіжақты кездесу өткізді. Соның барысында ел­де­ріміз арасындағы сауда-эко­­но­микалық және мәдени-гума­ни­тарлық қарым-қатынастар пан­демияға қарамастан қарқынды да­мып келе жатқаны айтылды.