Автотұрақта өмір сүріп жатқан жалғызбасты анаға үй алып берді

Автотұрақта өмір сүріп жатқан жалғызбасты анаға үй алып берді

2013 жылдан бері автотұрақтың кішкентай бөлмесінде қызымен бірге  өмір сүріп жатқан жалғызбасты ана баспаналы болғысы келетінін айтып, партиядан көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша Бастауыш партия ұйымының басшысы, «Бұрғылау» ЖШС мекемесінің қызметкерлері мүмкіндігінше қолдау көрсетілетінін айтты. Нәтижесінде, Бастауыш партия ұйымының басшысы мен «Бұрғылау» ЖШС мекемесі қызметкерлері 2021 жылдың қаңтар айынан бастап әрбір қызметкерден 1 000 теңгеден жинап, алғашқы мұқтаж жанұяға Шұғыла шағынауданынан екі бөлмелі баспананың кілтін табыстады. Өтініш иесі өз ризашылығын білдірді.