Тұрғындардың өтінішімен ауылда ас беруге арналған батахана ашылды  
Тұрғындардың өтінішімен ауылда ас беруге арналған батахана ашылды   
171
оқылды
«Халыққа көмек»  жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалынан Саймасай ауылының тұрғындары ауылдарына ас беруге арналған орын – батахана  салып беруді айтып, көмек сұрады. Осыдан кейін Еңбекшіқазақ аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, «Айдарбаев» ШҚ басшысы Е.С.Айдарбаевтан демеушілік көрсетуді сұрады. Шаруа қожалығының басшысы демеушілігімен, Саймасай  ауылына  80 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалынып, ауыл тұрғындарына жалпы сыйымдылығы 250 адам сыятын, барлық жабдықтармен қамтылған батахана салынды. Саймасай ауылының тұрғындары өз тараптарынан «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалына және «Айдарбаев» ШҚ басшысы Е.Айдарбаевқа алғысын білдірді.