Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында қураған шөп өртенді
Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында қураған шөп өртенді
171
оқылды
Елорданың Есіл ауданында қураған шөп өртенді. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  21:19-да астаналық өрт сөндірушілер Есіл ауданындағы 128-көшеде шыққан өртті сөндіруге аттанған. Ол жерде қураған шөп жанған. «Жеке құрамнан 30 адам 6 техникамен тілсіз жаудың бетін қайтаруға күш салды. Сондай-ақ оқиға орнына әкімдіктен 4 су шашқыш машина жіберілді», – деп хабарлады ведомстводан. Өртті сөндіруге жел айтарлықтай кедергі келтірген. Қазір өрт сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ.