Түрікменстан президентінің әкесі өмірден өтті
Түрікменстан президентінің әкесі өмірден өтті
236
оқылды
Жексенбіде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің әкесі Мяликгулы Бердымухамедов 89 жасында өмірден өтті. Бұл туралы республиканың мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Мяликгулы Бердымухамедов «өмірін өз халқы мен туған жеріне арнады және патриотизм мен адамгершіліктің берік үлгісін көрсетті", — делінген хабарламада. ІІМ органдарында жұмыс істеген жылдары түрлі лауазымдарды атқарды. 1982 жылы подполковник атағымен отставкаға шыққан соң ұзақ жылдар бойы Ұлттық білім беру институтында, педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтында, Ашхабад қаласының Білім басқармасында оқытушы болып жұмыс істеді.