Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында туған. Польшадағы Краков Экономикалық университетін тәмамдаған, сыртқы сауда мамандығы бойынша магистрі (1997), халықаралық маркетинг және менеджмент мамандығы бойынша магистрі (1998), PhD ғылыми дәрежесіне кандидат – экономика саласындағы философия докторы (2011), Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті MscIM – Халықаралық басқару (менеджмент) магистрі (2016), Канаданың Ванкувер Университеті МВА – Іскерлік әкімшілік магистрі (2015). ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының (2005) және ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясының (2006) курстарын, Поляк халықаралық қатынастар Институты Дипломатиялық Академиясының бір жылдық бағдарламасын (2010) бітірген.
1996-1997 жж. Daewoo Electronics компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері.
1997-1999 жж. Польшада River System Ltd. компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері).
1999-2001 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы.
2001-2005 жж. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің атташе-консулы, үшінші және екінші хатшысы.
2005-2007 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы.
2007-2013 жж. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.
2013-2015 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары.
2015-2019 жж. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
II сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.