Тоқаев Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді
Тоқаев Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді
310
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президенттің коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы хабарлағанбыз.