Шахтинск қаласына жаңа әкім тағайындалды
Шахтинск қаласына жаңа әкім тағайындалды
233
оқылды

Әскербек Халтонов еңбек жолын «Қарағанды жолдары» АҚ-та жұмысшы болып бастады. Содан кейін шебер, бас инженер, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2005 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметкер. Көлік және коммуникация министрлігі жанындағы облыстық басқармада еңбек еткен. Кейіннен облыс әкімі аппаратына ауыстырылып, құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөлімін басқарды. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болды. 2017 жылдың шілдесінен бастап осы кезге дейін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.