"Мәйітті жерлейтін бос орын қалмаған": ауыл тұрғындарының мәселесі оңынан шешілді
"Мәйітті жерлейтін бос орын қалмаған": ауыл тұрғындарының мәселесі оңынан шешілді
193
оқылды
«Халыққа көмек»  жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалына  Панфилов ауылдық округі Қарабұлақ ауылының  тұрғындары  ауылда орналасқан зиратқа қайтыс болған азамат пен азаматшаларды жерлеуге рұқсат бермей отырғанына байланысты көмек қолын созуды өтінді. "Nur Otan" партиясы Талғар аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Б.Күрішбековтің тапсырмасы бойынша аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау ұйымының төрағасы Айдар Саматұлына мәселені назарға алуын және көмектесуін сұрады. Аудандық мәслихат депутаты Айдар Саматұлы және  "Nur Otan" партиясы Талғар аудандық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Б.Күрішбековтің басшылығымен Панфилов ауылдық округі Қарабұлақ ауылы  тұрғындарының өтініші бойынша партиялық бақылау ұйымдастырылып, аталмыш 5.5 га. жерді алып жатқан зиратта мәйітті жерлейтін бос орын қалмағанын дәлелдеді. Жергілікті мекенжайға жақын жерден облыстық мәслихат депутаты Асқар Фазылұлының ықпалымен мұсылман және христиан зираттары үшін 7,81 га. және 3,21 га., жалпы ауданы 11.02 га. жер учаскесі бөлінді.

Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі Қарабұлақ ауылының  тұрғындары алғыс  білдірді.