Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасына үй алып берді
Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасына үй алып берді
185
оқылды
«Халыққа көмек»  жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалынан Қ.Ұлтарақов ауылы Жандосов көшесі тұрғыны, I топтағы мүгедек Ғабиден Сламжанұлы үй алып беру мәселесі бойынша көмек сұрады. Масақ ауылдық округіне қарасты Қазтай Ұлтарақов ауылындағы «Nur Otan» партиясы мүшелерімен бірлесіп,  ауыл жастары және ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында ауылдың аз қамтылған бір  отбасына  үй алып беру мәселесі қарастырылды. Осылайша, ауыл тұрғындарының жинаған қаражатына тұрғын үй сатып алып берді. Тұрғын «Nur Otan» партиясына және жағдайына бейжай қарамаған жандарға алғысын білдірді.