«Қызымның өнер адамы болуына қарсымын»: Қайрат Түнтеков отбасы жайлы сұхбат берді – видео
«Қызымның өнер адамы болуына қарсымын»: Қайрат Түнтеков отбасы жайлы сұхбат берді – видео
397
оқылды
Әнші Қайрат Түнтеков Аман Тасығанның Talk Like бағдарламасына сұхбат берді. Әнші әңгіме барысында  2012 жылы болған жол апаты туралы айтты.  Осы оқиғадан кейін 40 күндей қамауда отырған. Алайда қазір ол кездерді күліп еске алады.
"Мені 18 адамды өлтіріп қойған сияқты іздеді ғой. Таңғалдым. "Хайп" болды ғой кәдімгідей. Негізі өз тіршілігіммен жүрдім. Бірақ бір күні футболдан шыққанымда таныс бір кісі хабарласып, "Қайратжан, қалайсың? Мына жаққа келші" деді. Сол мені "ұстап" берді. Шыққан едім, қолыма кісен салып алып кетті", – дейді әнші. 
2012 жылы 28 желтоқсанда Қайрат Түнтеков жол апатына түскен болатын. Әнші тізгіндеген Toyota Camry 40 көлігі Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан. Алматының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол 40 тәулікке қамалған болатын. Әнші қиын кезде қазіргі жұбайы барынша қолдау көрсеткенін айтады. Бүгінде шығармашылығын қолға алған ол қызының өнер жолын таңдауына түбегейлі қарсы.
«...Ол жағын ойластырып қойғанмын. Бармайды. Міндетті түрде бармайды. Иә, өнерге жақын. Менің әндеріме ұйықтайды. Келіншегім менің әндерімді қойып қояды. ...Өнер адамы болуына қарсымын. Өзі үшін айтсын», – дейді ол.