Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалды
Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалды
157
оқылды
Өскеменде бір күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр. "Кеше, 30 сәуірде сағат 18.00-де 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен кетіп қалды. Осы уақытқа дейін бала үйге оралмады", - деді полиция өкілдері. Жасөспірімді адамдар соңғы рет Красин ауылында көрген. Рустам Слембаевтың белгілері: бойы 150-160 сантиметр, арықша келген, сары, шашы қысқа, көзі көк, ерні томпақ, бетінде тыртық бар.