Полициядан қашқан жүргізушіге айыппұл салынды
Полициядан қашқан жүргізушіге айыппұл салынды
182
оқылды
Атырауда полицияға қарсылық танытқан көлік жүргізушісіне 292 мың теңге айыппұл салынды. Оқиға 7 мамыр күні сағат 01.00 шамасында болған. Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Азаттық көшесінде орналасқан «Бармаглот» мейрамханасының тұсынан маркасы «Ваз 2110» автокөлігін жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтатқан. Ал автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған.
«Полиция қызметкерлері аталған автокөлікті артынан жүріп отырып, Сырым Каженбаев көшесі, 50 үйдің тұсынан тоқтатып тексерген кезде, 23 жастағы көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық танытқан. Сонымен қатар, аталған көлік жүргізушісінің көлік басқаруға құқығы жоқ екені де белгілі болған», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
23 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен (полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар әкімшілік хатттамалар толтырылып, 291 700 теңге көлемінде айыппұл салынды.