Лесхоз кентіндегі өртті 500-ге жуық адам сөндірді
Лесхоз кентіндегі өртті 500-ге жуық адам сөндірді
168
оқылды

Бірақ орманда тілсіз жаумен күрес әлі жалғасып жатыр.

Тікұшақпен барлау барысында ашық жанып жатқан жалын байқалмаған.

«Өртті сөндіруге 500-ге жуық адам мен 69 техника жұмылдырылды. Оның ішінде департамент қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері және полицейлер бар. Өрт салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алған», – деді құтқарушылар.

Кеше Риддерде орманда басталған өрттен 35 үй жанып кетті. Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бір адам қайтыс болды.