БҚО-да блокбекеттер алынады
БҚО-да блокбекеттер алынады
203
оқылды
БҚО-да мемлекеттік санитар дәрігерінің 12 мамырдағы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды mgorod.kz. БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қаулы 15 мамырдан бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес өңірде блокпосттар алынады. Сондай-ақ тұрғындар мен көліктерге түнгі сағат 00.00-ден кейін жүріп-тұруға шектеу қойылмайды. Өңірде блокпосттар алынғанымен, басқа карантиндік шектеу шаралары сақталады. Тұрғындар ашық ауадағы қоғамдық орындарда, үй-жайларда және автобустарда маска киюге міндетті. Өңірде өзге де санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.