Түрікменстаннан көшіп келген қандастар қалаған өңіріне қоныстана алады
Түрікменстаннан көшіп келген қандастар қалаған өңіріне қоныстана алады
313
оқылды

Арнайы пойыз бүгін сағат 12:00-де «Болашақ» станциясына, одан әрі «Жаңаөзен» станциясына 15:00-16:00 келеді.

Қандастарымызды  қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» атсалысты. Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын. Қандастар өздерінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады. Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылатын болады.