Оралда зейнеткер балконнан секіріп, көз жұмды
Оралда зейнеткер балконнан секіріп, көз жұмды
202
оқылды

БҚО-да 15 мамырда қайғылы оқиға болды, — деп хабарлайды zakon.kz.

83 жастағы зейнеткер екінші қабаттағы пәтерінің балконынан секіріп кетті, - деп хабарлайды "Мой Город" порталы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марқұмның таныстарының айтуынша, ер адам онкологиялық ауруға шалдыққан.
"Жедел жәрдем дәрігерлері келгенше зейнеткер оқиға орнында көз жұмды", — дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Көкшетауда 2 жасар қыздың терезеден құлап мерт болғаны туралы хабарлаған едік. Қыз баланың 7-қабаттағы ашық терезен құлау фактісімен Қылмыстық Кодекстің 141-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.