Хабар-ошарсыз кеткен 2 баланың анасы іздестіріліп жатыр
Хабар-ошарсыз кеткен 2 баланың анасы іздестіріліп жатыр
213
оқылды
Шахтинск қаласының 24 жастағы тұрғыны Ақжарқын Қайдарова іздестіріліп жатыр. Бұл туралы оның күйеуі  Нұртас Қайдаров ekaraganda.kz редакциясына өтініш білдірген.  15 мамыр күні түстен кейін әйел үйден шығып, Шахтинск қаласының 26 кварталында тұратын әкесіне қарай бет алған. Әкесінің үйін жинап, содан кейін сол маңдағы дүкенге азық-түлік алуға кеткен. Дүкенде оны көргендер бар. Содан кейін Ақжарқын үйіне қайтып оралмаған.  Күйеуі оған үш сағат бойы қоңырау шалғанын, телефон қосулы болғанын, бірақ ешкім жауап бермегенін айтады. Содан кейін, кешкі сағат 8-дерде телефоны өшірілген.  – Ол әкесінің үйінен сағат 16:30-да шықты. Оған үш сағат бойы хабарластым, бірақ ешкім жауап бермеді. Содан кейін телефоны өшірілді. Егер құрбыларымен бір жерге барғысы келсе, маған айтар еді. Ол өте жауапты. Балаларды тастап кетпес еді. Үлкен ұлымыз 6 жаста, ал кіші қызымыз 4 жаста, – дейді ол.  width= Полиция департаменті жоғалған қызды іздестіру бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

 Ақжарқын Қайдарованың қайда екенін білетіндер 8 778 405 12 13, 8 708 160 21 70 нөміріне немесе 102 нөміріне хабарласуына болады.

Фото: ekaraganda.kz