Желіде COVID-госпитальдар вакцина салдырса да, өлім аузында жатқан адамдарға толып кеткені туралы хабарлама тарады
Желіде COVID-госпитальдар вакцина салдырса да, өлім аузында жатқан адамдарға толып кеткені туралы хабарлама тарады
241
оқылды
Қазақстандық Telegram-каналда COVID-госпитальдар коронавирусқа қарсы вакцина алса да, жағдайы ауыр және өлім аузында жатқан адамдарға толғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл ақпаратты  Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Қазақстанда вакцина салдырған адамдар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары тіркеліп жатқаны рас. Алайда олар өте аз.
"Қазақстанда вакцина алған 3 246 795 адамның 0,05%-ы COVID-19-бен ауырған", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ ведомство өкілдері індетті жұқтыру жағдайларының көбі препараттың тек бір ғана дозасын алып үлгергендер арасында тіркелгенін атап өтті, яғни оларда КВИ-ге қарсы иммунитет әлі толық қалыптаспаған. Бұған дейін вакцина салдырғандар арасында КВИ жұқтыру жағдайлары туралы жазған болатынбыз. Мұндай құбылыстар жиі бола бермейді. Мысалы, АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша биылғы жылдың 21 маусымында вакцина алған адамдар арасында індетті жұқтырудың 4 115 жағдайы тіркелген. Бұл сол кезде вакцина салдырған адамдардың жалпы санының 0,002%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер вакциналардың тиімділігіне сәйкес келеді. Pfizer/BioNTech препараты үшін ол 91%, Moderna – 94%, AstraZeneca – 74%, Спутник V – 92%, Синофарм (Hayat-Vax) – 73% құрайды. Қорыта айтқанда, қазақстандық госпитальдар COVID-19-ға қарсы вакцина алса да,  өлім аузында жатқан және жағдайы ауыр науқастарға толып кеткені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елімізде індетті жұқтырған вакцинацияланған адамдар өте аз.