Қиындықтан қаймықпай қала салдық – Асқар Мамин
Қиындықтан қаймықпай қала салдық – Асқар Мамин
Фото: primeminister.kz
270
оқылды

Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын! Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!» – деді Асқар Мамин.