Түркістан облысында әкім болғысы келетін 230 үміткер тіркелді
Түркістан облысында әкім болғысы келетін 230 үміткер тіркелді
303
оқылды

Атап айтсақ, алғашқы кезең бойынша 60-тан астам ауыл округінің әкімі лауазымына лайықтысын  үміткерлер арасынан ең таңдаулы дегендерін халық  таңдайтын болады. Бұл туралы Түркістан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастама көтерген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні ауыл әкімдерін сайлаудың алғашқы кезеңі іске асырылатын болады. Қазіргі таңда, Түркістан облысында 181 ауыл округі бар. Әлібек Кәденұлының айтуынша,  биылғы жылғы ауыл әкімдерін сайлау 63 ауыл округінің 264 сайлау учаскесінде  өткізілетін болады.

«Биыл 25 шілдеде алдымен 60 ауыл округтің тұрғыны өз таңдауын жасайды. Бүгінгі күнге дейін ауыл әкімдігіне үміткер ретінде әзірге 230 азамат тіркеліп үлгерді. Оның 76-сы тіркелген саяси партиялардың ұсынған үміткерлері болса, 154-і - өз-өзін ұсынған азаматтар. Саяси партиялар мен жеке азаматтардың өзін-өзі ұсынуы бойынша үміткерлердің тіркелуі 14 шілдеге дейін жалғасатын болады», – дейді Әлібек Кәденұлы.