Павлодарда вакцина алған тұрғын 1 миллион теңге ұтып алды
Павлодарда вакцина алған тұрғын 1 миллион теңге ұтып алды
Фото: Pavlodarnews.kz
246
оқылды

Жеңімпазды кәсіпкер Жәмиля Эрназарова Instagram-да тікелей эфирде анықтады.

«Бұл жолы 1 млн теңге ұтыстың жеңімпазы ретінде Белоконь Иван Петрович шықты. Ереже бойынша жеңімпаз 15-20 минуттың ішінде Жеңіс алаңы, 25 мекенжайы бойынша орналасқан «Алтын» бизнес орталығына жетуі тиіс еді. Ұтысқа барлығы бес мыңнан астам адам қатысты», – деді Жәмиля Эрназарова.

Алайда алғашқы жеңімпазға үш рет қоңырау шалғанмен, ер адам бүгін келе алмайтынын айтты. Осылайша, 1 млн теңге «Крендель» ЖШС-де жұмыс істейтін 22 жастағы кондитер Помазкина Марина Юрьевнаға бұйырды. Ол «СпутникV» вакцинасының 1-компонентін 16 шілде күні алған.

«Бұл – мен үшін күтпеген жайт. Жұмыс істеп жатыр едім. Мұндай сыйлық үшін рақмет», – деді Марина Помазкина.

Ақшалай сыйлық берілетін ойынға вакцинаның бірінші компонентін қабылдағандар қатысты.