Жамбыл облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Жамбыл облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Фото: turkystan.kz
196
оқылды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Әңгіме барысында журналист әкімнен жалақысының қанша екенін сұрады. Бердібек Сапарбаев 800 мың теңге жалақы алатынын және еш уақытта ешкімнен пара алмағанын айтты. "Қолға алатыныңыз ба?" деген сұраққа  "Иә. Менің еңбек өтілім көп қой", – деп жауап берді өңір басшысы. Жамбыл облысын 2020 жылдан басқарып келе жатқан әкім әр уақытта ары таза екенін жеткізді.