Солтүстік Қазақстан облысындағы 218 елді мекенде сайлау басталды
Солтүстік Қазақстан облысындағы 218 елді мекенде сайлау басталды
320
оқылды

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің өңірлік коммуникациялар қызметінде сайлау учаскелерінің ашылуы туралы өткізген брифингінде сағат 7.00-де барлық 174 сайлау учаскесінде дауыс беру басталғаны белгілі болды.

Облыс бойынша сайлау бюллетеньдеріне 214 кандидаттың аты-жөні енгізілді. Үш округте бір орынға 2 кандидаттан, 64 округте – 3 кандидаттан және төрт округте – 4 кандидаттан үміткер бар.    width= «Барлық сайлау учаскелерінде сайлау комиссиялары толық құрамда жұмыс істейді», – деді төраға. Сайлаушылардың белсенділігі туралы ақпарат сағат 10.00-ден бастап әрбір екі сағат сайын ұсынылып отырмақ. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуінің алдын ала қорытындылары сағат 22.00-де белгілі болады.

Роза ШӘКЕН