Бауыржан Ыбыраев: Ауыл әкімдерін сайлау – демократияға жасалған батыл қадам
Бауыржан Ыбыраев: Ауыл әкімдерін сайлау – демократияға жасалған батыл қадам
343
оқылды

Еліміздің әр түкпірінде таңғы жетіден бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған. Көкшетау қаласындағы Станционный кентіндегі №7 орта мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесінде де көпшілік ел өз болашағы үшін сайлауға қатысып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

   width= «Менің ойымша бүгінгі сайлау Қазақ елінің тарихында алтын әріптермен қалатын іргелі саяси оқиға. Олай деуге себеп үлкен. Ауыл елдің алтын қазығы. Сондықтан халықтың өзін басқаратын ауыл әкімдерін сайлау құқығы еліміздің болашағына нық сеніммен қарай бастағанының айқын көрінісі деуге толық негіз бар.    width= Ал ауыл әкімдері ауыл халқы таңдау құқығымен оларды сайлау арқылы оның мойнына жүктелген жауапкершілікті одан сайын арттырады. Халықтың қолдауымен өткен сайлау болғандықтан бұл ауылдардың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Мен «Nur Otan» партиясының атынан сайлау учаскесінде өтіп жатқан процеске қатысып отырмын. Сайлау учаскесінде карантин талаптары толықтай сақталған. Кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы өлшеніп жатыр. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары. Сайлаудың демократиялық принциптерге сай еркін таңдауда жүзеге асырылып жатыр деп толық сеніммен айта аламын», – дейді «Nur Otan» партиясының бақылаушысы Бауыржан Ыбыраев.

Айта кетейік, елімізде барлығы 730 елді мекенде сайлау өтіп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы