Павлодар тұрғындары бақылдаған бақалар түнімен ұйқы бермейтінін айтып, әкімге шағымданды
Павлодар тұрғындары бақылдаған бақалар түнімен ұйқы бермейтінін айтып, әкімге шағымданды
Фото: pavon.kz
211
оқылды
Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов Instagram-да қала тұрғындарының ерекше шағымына жауап берді. Сонымен, қала тұрғындары шенеунікке бақалардың түнгі әніне шағымданып, олар түнде ұйықтауға мүмкіндік бермейтін айтты. "Бұл - сұмдық! Әдемі Ертісіміз батпаққа айналып барады! Бақалар түні бойы айқайлайды. Не істеуге болады?" – деген тұрғындар әкімнен көмек сұрады. Қала басшысы шағымды әзілмен қабылдады.
"Сіз қалай жауап беруге болады деп ойлайсыз? Шындығында, тек үш нұсқа бар: 1. "Біз Усолка бөгетіндегі бақаларды жоямыз". 2. "Кешіріңіз, біз көмектесе алмаймыз, бақалар экожүйенің бөлігі, олар табиғатқа өз пайдасын тигізеді". 3. Бұған құлақ аспай, мұндай мәселені естімейтін әкімдікке айналамыз. Сіздің пікіріңіз қандай?" – деп жазды Байханов өзінің Instagram парақшасында.
Әкім тұрғындар өзіне түрлі мәселе бойынша жүгінетінін, олардың кейбіріне не деп жауап берерін білмей қалатынын айтты.