Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы мәртебесі қалай өзгеретіні белгілі болды
Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы мәртебесі қалай өзгеретіні белгілі болды
© inform.kz
243
оқылды
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырған адам Ashyq қосымшасында 14 күн бойы "қызыл" болып тұрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова хабарлады.
"Вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін Ashyq-та "жасыл" мәртебе беріледі. Егер вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, оның мәртебесі қалай өзгереді? Егер ол "қызылға" ауысса, оған "жасыл" мәртебе қалай қайтарылады?", - деп сұрады журналист эпидемиологиялық ахуал жөніндегі  баспасөз мәслитында.
Оның айтуынша, вакцина салдырғандар арасында індетке шалдыққандар өте аз.
"Бізде жүйе интеграцияланған. Егер вакцина алған адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, оның мәртебесі бірден "жасылдан" "қызылға" ауысады. "Қызыл" мәртебе 14 күн бойы сақталады. Екі апта өткен соң, ол автоматты түрде "жасылға" ауысады. Өйткені адам бәрібір де вакциналанған болып саналады", - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова.