Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло елге оралды
Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло елге оралды
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
160
оқылды
Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло елге келді. Спортшылар мінген ұшақ шамамен 20.00-де Алматы әуежайына келді. Оларды туыстары, достары және журналистер қарсы алды. Сонымен қатар плакат ұстаған жанкүйерлері қолдау білдірді. Спортшылар қолдау көрсеткен отандастарына алғыс айтып, енді 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындалатынын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынында әзірге үш медаль бар.