«Рингке есемді қайтару үшін шықтым» – Сәкен Бибосынов
«Рингке есемді қайтару үшін шықтым» – Сәкен Бибосынов
Фото: olympic.kz
172
оқылды
Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы жеңісінен кейін жекпе-жек жайлы пікір білдірді.   "Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласым өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз - 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарын дұрыс орындап, жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Жеке бапкеріммен қарсыласымды жіті зерттедік. Ол жалғыз соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықтым. Олимпиадада бәрі бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион қазақ халқы сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым. Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп, елімді қуантамыз, – деді  боксшы olympic.kz-ке берген сұхбатында. Спортшының ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.