«Екінші раундта қателік жібердім» – Қамшыбек Қоңқабаев
«Екінші раундта қателік жібердім» – Қамшыбек Қоңқабаев
©Тұрар Қазанғапов
294
оқылды
Бокстан Қазақстан капитаны Токио Олимпиадасының ширек финалындағы жекпе-жегінен соң журналистер сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Olympic.kz. 
"Бірінші раунд ойдағыдай өтті. Екінші раундтан бастап қателіктер кетті. Лас боксқа ден қойып кеттім. Енді осы олқылықтардың орнын толтыруға тырысамын. Алдыңғы қолмен дұрыс жұмыс істемедім. Болар іс болды, бастысы – жартылай финалға өту. Келесі қарсыласымды танимын, бірақ кездеспегенмін. Енді бар ойым мен күшімді келесі жекпе-жекке жұмсаймын", – деді Қамшыбек. 
Айта кетелік, 1/4 айналымда Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовті 4:1 есебімен жеңді.