Вакцина салдырып, 3 миллион теңге ұтып алды

Вакцина салдырып, 3 миллион теңге ұтып алды

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бұған дейін Атырауда жүлде қоры 40 миллион теңге болатын ақшалай ұтыс ойыны басталған еді. Вакцина алған он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болды. «Азаматтық Альянс» ЗТБ коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ұйымдастырған ақшалай ұтыс ойынын жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде өткізді. Ұтыс ойынын 4 тәуелсіз бақылаушы қадағалады.

«Үшінші рет өткізілген ұтыс ойынына вакцина алған 35 244 адам қатысты. Оның ішінде кездейсоқ сан арқылы таңдалған он адам 200 мың теңгенің ақшалай сертификатын ұтып алды. Бұл жолғы ұтыс ойынының бас жүлдесі – 3 млн. теңгенің екі сертификаты. Оны шілде айында вакцина алғандардың арасынан Құрманғазы ауданының екі тұрғыны иеленді», – деді басқарма өкілі.

3 миллион теңгені ұтып алғанның бірі – Нәсиполла Ғарифов. Оның 5 баласы бар. Екіншісі – жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетова.

Бұған дейін Атырауда вакцина паспортын сатқандардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.