Қаржы вице-министрі тағайындалды
Қаржы вице-министрі тағайындалды
©https://www.inform.kz/
212
оқылды

Үкімет қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы - инженер-экономист. Ол еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады. 2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметте болған. 2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы.