Министрлік Түркиядағы ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ екенін хабарлады
Министрлік Түркиядағы ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ екенін хабарлады
Фото: pravda.com.ua
180
оқылды
Түркияда ресейлік Бе-200 өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшыраған болатын, өкінішке қарай, апаттан аман қалғандар жоқ. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ұшақ бортында экипажға өрт сөндіру ошақтарын көрсеткен бес ресейлік әскери қызметкер және Түркияның Орман шаруашылығы министрлігінің үш өкілі болған. Ресей Федерациясының әскери бөлімі ұшақ өрт сөндіру тапсырмасын орындағаннан кейін қонайын деп жатқанда, шамамен сағат 15.00-те құлағанын хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, өрт сөндіру жұмыстары басталғасын біраз уақыттан кейін ұшақпен байланыс үзілген. Бұл Ресей жалға алған Мугла провинциясындағы өртті сөндіруге жіберілген ұшақтардың бірі болатын. Мәліметтер бойынша, ұшақ су алғаннан кейін қажетті биіктікке жете алмай, жартасқа құлаған. Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Ресей мен Түркия халықтарына көңіл айтты.
«Мен Кахраманмараштағы өртті сөндіру кезінде болған ұшақ апатында түрік және орыс экипажының қайтыс болғаны туралы жайтты зор күйзеліспен қабылдадым. Түрік және Ресей халықтарына көңіл айтамыз. Олардың батырлығы ұмытылмайды!» – деп жазды министр  Twitter-дегі парақшасында.
Түркия әскери әуе күштері апат болған жерге іздестіру-құтқару операциясы үшін ұшақ пен тікұшақ жіберді. Сондай-ақ апат орнына Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы мен Анкарадағы Ресей елшілігінің өкілдері аттанды.