Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Өзбекстанға ұшып кеткені анықталды
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Өзбекстанға ұшып кеткені анықталды
©tengrinews
251
оқылды

Отставкасынан кейін елден ұшып кеткен Ауғанстан президенті Ашраф Ғани әйелі Рула және екі кеңесшімен бірге Өзбекстанға барыпты. Бұл туралы New York Times газеті хабарлады.

Басылым мәліметінше, президенттің қайда екенін айтқандықтан шенеунік өз аты-жөнін құпия сақтауды ұйғарыпты. Алайда  РИА Новости хабарлағандай, Ашраф Ғанидың жеке күзетшісі Катардың АL-Jazeera телеарнасына экс-президент Ташкентке ұшып кеткенін растаған. "Ашраф Ғанидің әйелі, кеңсесінің директоры және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ташкентке ұшып кетті", – деп келтіреді басылым президенттің жеке күзетшісінің сөзін. Ал Facebook желісіндегі парақшасында Ашраф Ғани қантөгістің алдын алу үшін өкілеттігінен бас тартқанын мәлімдеп, жазба жариялапты.
"Талибандар" мені тағымнан кетіру үшін түгелдей Кабулға шабуыл жасауға дайын екенін ұқтырды. Қантөгістің алдын алу үшін мен кетуді ұйғардым", – деп жазды Ғани.
Оның айтуынша, тәліптер ауған халқының "мүлкі мен қауіпсіздігіне" жауапты.
"Талибан" сотта қарумен жеңді, енді отандастарының абыройы, мүлкі және қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алды. Бірақ жүректерді жаулап ала алмады. Тарихта ешқашан жабайы күш ешкімге заңдылық берген емес, бермейді де. Қазір жаңа тарихи сынақтан өтуіміз керек: олар Ауғанстан халқының абыройын төкпейді, не басқа жерлер мен желілерге назарын бұрады", – деп жазды Ғани. Ол "өз халқына қызмет етуді жалғастыратынын" айтты.