Алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: novostipmr.com
196
оқылды

Республиканың солтүстік аймақтарында ауа райы әлі де салқын болады.

Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде – 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа  дейін төмендейді. Солтүстікте түнде – ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2-3 градус үсік жүреді. Күндіз – 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде – ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады.