Елорда әуежайында терминалды түтін басты – видео
Елорда әуежайында терминалды түтін басты – видео
Фото: видеодан скриншот
158
оқылды
Елорда әуежайында кабельдің қысқа тұйықталуынан терминалды түтін басты. «Халықаралық терминалда, ұшып шығудың 8-інші гейтінде нөсерге қарсы құбырдың жылыту кабелінде тұйықталу болды. Түтін гейттен терминалға жайылды. Бұл уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ. Тиісті қызметтер шұғыл әрекет етті. Зардап шеккендер жоқ. Әуежай штатты режимде жұмыс істеп тұр. Рейстердің кешігуі болған жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.