29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
204
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, орталық және оңтүстік-батыста жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Тек қана батыста ғана солтүстік антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Барлық өңірде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және шығыста тұман, солтүстікте көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Қостанай облысында жел 15-20 м/с артып, өңірдің батысында, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының оңүстік-батысында және таулы аудандарында шаңды дауылмен бірге жел күшейеді. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында найзағай болады. Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің солтсүтігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, орталығында 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.