Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: qazsporttv.kz
265
оқылды
Қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Ослода өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде Мурат Фиратты (Түркия) 7:4 есебімен жеңді. Алмат Кебіспаев бұған дейін әлем чемпионатында бір рет күміс, үш мәрте қола жүлде алған болатын.