Көшедегі жарық шамдарын ауыстырып берді
Көшедегі жарық шамдарын ауыстырып берді
280
оқылды
 «Nur otan» партиясы Темір аудандық филиалының қабылдауында Шұбарқұдық ауылы Балмұхамедов, Махимов көшелерінің тұрғындары көшедегі жарық шамдарын ауыстыру туралы мәселе көтерген болатын. Аталған мәселе жөнінде партия филиалы тарапынан  «Шұбарқұдық ауылдық округі» Бастауыш партия ұйымы төрағасы Қ.Нұралыға өтініш жолданды. Осылайша, тұрғындардың өтініші орындалды. Бюджет есебінен 270 мың теңге қаражат бөлініп, аталған екі көшедегі 18 бағананың жарық шамдары  толығымен ауыстырылды.  Ауыл тұрғындары партия филиалына алғысын жеткізді