Ұтыс ойыны: вакцина салдырса, Мальдивке екі адамға жолдама беріледі
Ұтыс ойыны: вакцина салдырса, Мальдивке екі адамға жолдама беріледі
Фото: tonkosti.ru
328
оқылды

Осы ұтыс ойынына 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында (25 желтоқсанды қоса алғанда) вакцинаның 1-компонентін алғандар қатысады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ұтыс ойынына медициналық мекемелерде, СОО және сауда үйлерінде вакцина салдырғандардың барлығы қатысады.

Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді. Құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Мальдивке екі адамға арналған жолдаманың және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде өтеді.

Бұған дейін астана тұрғыны вакцина салдырып, «Рио-де-Жанейродан» пәтер ұтып алған еді.