Шеңбертал ауылында газ мәселесі шешілді
Шеңбертал ауылында газ мәселесі шешілді
259
оқылды
Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылының тұрғыны Аманқос Ізашұлы  "Nur Otan" партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымовтың қабылдауында болып, Шеңбертал елді мекені тұрғындарының өтінішін жеткізген болатын.    Өтініш иесін қабылдаған «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымов мәселе «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша Жол картасында жоспарланғанын, алдағы уақытта бұл мәселе оң шешімін табатынын жеткізді. Осылайша, 2021 жылы газ құбырын жүргізуге мемлекеттік бюджеттен 112 340 000 тг. қаражат бөлініп, Шеңбертал ауылына газ тарту жұмыстары басталды. 20-дан астам үйге көгілдір отын кіргізілді.