Тағы да сенсация: әлем чемпионы 19 жастағы боксшыдан жеңілді
Тағы да сенсация: әлем чемпионы 19 жастағы боксшыдан жеңілді
Фото: m.kun.uz
194
оқылды
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы да сенсация болды. 2019 жылы Екатеринбург қаласында 57 келіде әлем чемпионы атанған өзбекстандық боксшы Миразизбек Мирзахалилов екінші айналымда 19 жастағы америкалық Джермал Харвиден жеңілді. Осымен Өзбекстан құрамасының үшінші боксшысы әлем чемпионатында қарсыласына есе жіберді. Бұған дейін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов (51 келі) Сәкен Бибосыновтан жеңілген еді. Сонымен қатар 86 келіге дейінгі салмақта Шохжахон Абдуллаев ауыр нокаутпен жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын.