«Жылқыайдарұлы Жолбарыс би елінде» атты монография жарық көрді
«Жылқыайдарұлы Жолбарыс би елінде» атты монография жарық көрді
506
оқылды

Талдықорған қаласында Жолбарыс бидің 350 жылдығына орай ескерткіш ашылды. Ғылыми-практикалық конференция өтіп, тарихи тұлғаның батырлығын, би-шешендігін, қолбасшылығын кеңінен танытатын қос кітаптың тұсауы кесілді.  «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы авторлары даярлаған «Жылқыайдарұлы Жолбарыс би елінде. (Тарих арнасындағы Қосай елі: Ел портретіне қосымша материалдар)»  атты монография жарық көрді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында болашақ ұрпаққа үлгі болар, игі іс-шаралар көптеп жасалуда. Бабаларымыздың тарихы жаңғыртылып, жас ұрпаққа құндылығымыз тереңінен көрсетілуде. Қазіргі жас буын өкілдері өзінің тарихын, ғұламаларын жақсы білуі тиіс. Тарихын білмейтін жастардың болашағы да дұрыс болмайды. Еңбектің жарыққа шығуына өз кезегінде ат салысып, қаржылай қолдау көрсеткен Сюцай ғылымының негізін қалаушы, меценат Жанат Мұхаметқалиұлы Қожамжаров. Жанат мырза көптен бері қазақ халқының рухын көтеруге, қазақ тілін дамытуға ат салысып жүрген жанашыр азамат. Осыған байланысты, ел қайраткері Жанат Кожамжаровқа авторлар ұжымы алғыстарын білдіруде. Кітапта бидің өмірі, казак халқының тұрмысы, дәстүрі, құндылығы жөнінде мәліметтер жазылған. Қосай-Күшік елінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қоғамдық өмірі архивтік құжаттар көрсетулері бойынша баяндалды. Жолбарыс би әулетінің шежіресі жазба дереккөздерімен тарихи- салыстырмалы талдауға алынып, жаңа есімдермен толықтырылды. Жолбарыс – батыр ғана емес, ертеңгіні болжай алатын сәуегей, келешекті көре алатын көріпкел, әулие би болған. Бұл кітаптың редакторы Жанат Қожамжаровтың шәкірті тарих білімдерінің кандидаты, профессор Фарида Адилова екенін де айта кеткен жөн. Қазақ өте қасиетті халық. Қазіргі ұрпақ ел тарихын біліп, ұлылығымызды одан бетер қастерлей түссе, ешқашан ештеңеден де ұтылмайтынымыз анық. Қазақ халқының тағдырына, тіліне,  тарихына бей-жай қарамайтын Жанат Қожамжаров сияқты ұлық азаматтарымызға Алланың нұры жаусын!